21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 21 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Rixos President Astana қонақ үйінде Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңесінің елордалық бизнес-қоғамдастық алдында есептік кездесуі өтеді. Шараға «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

11.00-де Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында Қазақстандағы Украинаға гуманитарлық көмек штабы кезекті жүкті жібереді.

11.00-де Астана Медициналық университетінде «Физиология өнертапқыштары» атты конкурс өтеді. Бұл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған IV жыл сайынғы физиологиялық макеттер конкурсы.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ президенті, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлнар Құрбанбаева, «ҚазРена» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, профессор, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Джапаров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.00-де КАЗГЮУ Университетінде Ақмола және Қостанай қалаларындағы тарихи-мәдени нысандардың 3D-моделінің тұсаукесері өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов, Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ғимаратында Парламентаризм институты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен және ҚР Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл және олардың жарнамасына қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

15.00-де Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» тақырыбында «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрменің ашылуы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы қойылады.