21 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

Осыған байланысты 21 cәуір сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілер телерадио хабарларын таратуды уақытша тоқтатады.

Компания уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.