21 шілде. Туған күн иелері
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 21 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Қырғыз КСР Ыстыққөл облысында туған.
1977-1983 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы - «орта мектептің биология пәні мұғалімі». 1979-1983 жылдары – Жамбыл облысындағы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары - СССР АШМ ҒЗИ лаборанты. 1984-1991 жылдары - Жамбыл облысы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы. 1991-1993 жылдары - Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаев орта мектебінің директоры. 1993 жылы – Алматы қаласындағы №91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1996-2006 жылдары – Алматы қаласындағы № 68 орта мектеп директоры. 2010-2011 жылдары – Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдары – Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры. 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Член депутатской группы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі (02.2022-19.01.2023); «Қазақстан халық партиясы» ҚҰ партия тізімі бойынша ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер (11.02.2023)
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.

Қарағанды қаласында туған.
1978 жылы Қарағанды политехникалық институтына (ҚарПТИ) түсіп, Мәскеу автомобиль жолдары институтына (МАЖИ) ауысқан, 1983 жылы Мәскеу автомобил жолдары институтын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды политехникалық институтының аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, стажер-зерттеушісі (1983-1987 ж.ж.). Мәскеу автомобиль жолдары институтының аспиранты (1987-1990 ж.ж.). Қарағанды политехникалық институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, Қарағанды политехникалық институтының оқытушылары және студенттерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы (1991-1997 ж.ж.).
Көлік-жол факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры (1997-2012 ж.ж.). Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры (2012-2016 ж.ж.). Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры (2016-2020).
Қазіргі қызметін 2020 жылдан бастап атқарып келеді.

Көкшетау облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1985) және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2001) тәмамдаған.
Еңбек жолы: Торғай облыстық ауруханасында интерн дәрігер (1985-1986); Торғай облыстық стоматологиялық емханасында тіс дәрігері (1986-1988); Арқалық қаласындағы орталық қалалық ауруханада хирург (1988-1990); Арқалық қаласының біріккен ауруханасында хирург (1990-1994); Ақмола медициналық университетінде ассистент (1995); Ақмола облыстық ауруханасында дәрігер (1995-1996); ММСҚ Ақмола облыстық бөлімі директорының орынбасары, директорының міндетін орындаушы (1997-1999); Республикалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі (2000-2001); «Шын-Зар» стоматологиялық емханасында дәрігер (2001-2003); РМҚК «Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының» Астана қаласы бойынша филиалы бөлімінің басшысы (2003-2005); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті басқармасының басшысы (2005-2007); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті директорының орынбасары (2007-2009); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (06.2009-11.2009); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (11.2009-12.2009); Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2009-2011); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасы (2013); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығы» бас директорының орынбасары (2014-2016). Ұлттық денсаулық сақтау палатасының төрағасы (2016-2018).
Қазіргі қызметінде – 2018 жылдан бастап.

Түркістанда туған.
2001 жылы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Бұдан бөлек КИМЭП университетінде (2003) білім алған.
Экономиканың түрлі секторында басшылық қызметтерде істеді. ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі (2014), Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды (2019-2020). Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі (02.2020-09.2020).
Қазіргі қызметінде 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап.