21 шілдеде астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде ІХ халықаралық құс өсірушілер форумы өтеді.
11.00-де Astana Hub-та халық өнері шеберлерінің, қолөнершілер мен креативті мамандықтар өкілдерінің байқауы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «АЭА қызметінің қазіргі жай-күйі және аймақтарды дамыту шаралары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Қабашев, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Сариев; «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қайыркенов.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
14.30-да ZOOM арқылы коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы энергия тиімділігі бойынша дөңгелек үстел өтеді.
18.00-де «Астана-Арена» стадионында Қазақстанның «Қызылжар» және Хорватияның «Осиек» футбол клубтары матч өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ғашық жүрек» мюзиклі көрсетіледі.