21 техника мен төсек-орын мемлекеттік резервтен шығарылып, үш облысқа жіберілді
АСТАНА. KAZINFORM - Төтенше жағдайлар министрлігі бірқатар техника мен затты мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен қосымша 21 арнайы және автомобиль техникасы, сондай-ақ шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ броньнан шығарылып, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарына жіберілді.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және «Резерв» РМК қызметкерлері тауарларды мемлекеттік резервтен тәулік бойы беріп жатыр.
