21 жас Ержан Тәтішев атындағы қордың білім грантының иегері атанды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ержан Тәтішев атындағы қор 21 жас үміткерге білім грантын тағайындады.
None
None

Бүгін Алматыда Қор өкілдері гранттарды иегерлеріне салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ержан Тәтішев қоры 2007 жылдан бері дәстүрлі түрде жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйлерінің түлектері, мүмкіндігі шектеулі жастарға оқу гранттарын байқау негізінде тағайындап келеді.Биылғы жылғы байқауға 170-тен астам адам қатысқан.Байқау 3 кезең бойынша өткен.1-ші кезеңде үміткерлердің құжаттары тексеріліп, жазған эсселер сынға түседі.2-ші турда арнайы тест алынып, 3-ші кезеңге өткендерді Қордың қамқоршылық кеңесі мүшелерімен әңгімелесу өткізіледі.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған 21 үміткерді бүгін Қор өкілдері  құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

Е.Тәтішев қоры 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.Қор қазірге дейін 27 миллион 805 мың теңгеге әлеуметтік қайырымдылық жобаларды қаржыландырған.Білім грантын тағайындау қордың басты бағыттарының бірі.2007 жылдан бері 49 адам Қордың білім грантының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар