21 жастағы экскаватор машинисі «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рудныйлық (Қостанай облысы) Дінмұхаммед Дәулетов көрермендердің дауыс беруі арқылы «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qostanay.TV.

21 жастағы экскаватор машинисі «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпазы атанды

21 жастағы Дәулетов Астанада тұрғанымен, Рудный қаласының тумасы. Төрешілердің айтуынша оның дауысы - ерекше. Басылымның мәліметінше, Дінмұхаммедтің мамандығы - машинист. Тау-кен байыту комбинатында үлкен-үлкен техникаларды жөндеумен айналысқан.



«Қазақстан дауысы» және "Х-Фактор" шоуларына қатысқаннан кейін Дінмұхаммед Дәулетовтың өмірі түбегейлі өзгеріп сала  берген. Ол қазір ресторандарда ән шырқап жүр.

Еске сала кетейік, жоба бойынша жеңімпазға 7 млн. теңге сыйақы беріледі.