21 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 21 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде атом саласы сарапшыларының, энергетиктердің және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарлар аясында қазақстандық бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру» тақырыбында форум өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, «10 игі іс» қайырымдылық шарасын өткізеді.
15.00-де Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Сергей Пономарев, Еділ Жаңбыршин және Мархабат Жайымбетов Қазақстандағы су тапшылығы мен су ресурстарын басқарудың тиімділігі мәселесі жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.
18.15-те «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған Umai ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.