23:46, 20 Желтоқсан 2017 | GMT +5
21 желтоқсан күні Астананың бірқатар көшелерінде жарық сөндіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-РЭК» 21 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін құрал-жабдықтарды ауыстыруға байланысты жарықтың тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қалалық электр желісінің ақпаратынша, сөндіру құралдарды ауыстыруға байланысты болмақ. Электр жарығы мына көшелер бойынша тоқтатылады:
Промышленный елді мекеніндегі Көкарал көшесі мен Атамұра көшесінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, 187 көшесіндегі 14/4, 16/4 үйлерінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Байсейітова көшесі 7-33, 51-57, Конституция 21, Барқытбел 28, Көктал поселкесіндегі Байқоңыр, Естай, Еңлік-Кебек 3 көшелері бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін, Бесағаш 5 көшесі бойынша сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, Герцен 6 көшесінде 14:30-дан 18:00-ге дейін, Кенесары 57 көшесінде 14:00-ден 18:00-ге дейін, Сауран 5-7, Жұбан-ана 8, Аягөз 1, Жәнібек, Керей хандар 9 көшесі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жарық сөндіріледі.