21 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

21 желтоқсан күні Қазақстанда  өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтеді.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданған шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

11.00-де «Есіл» аудандық полиция басқармасында Астана қаласы ПД Сарыарқа» аудандық полиция басқармасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» атты баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар жылының қорытындысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары Ләззат Сүлеймен; Қоғам қайраткері, төраға орынбасары Елена Тарасенко; ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Элина Паули; Сараптамалық топ жетекшісі, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» ҚҚ жетекшісі, комиссия мүшесі Азиза Шужеева; Политолог, қоғамдық даму мәселелері бойынша сарапшы, комиссия мүшесі Жұлдызай Ысқақова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Республикаға еңбек сіңірген мәдениет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.

17.00-де AstanaHub IT-стартаптар технопаркінде ITeachMe жастар инклюзивті жобасының алтыншы маусымының финалистерін салтанатты марапаттау өтеді. Жоба Epam Kazakhstan қолдауымен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырылуда.

19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті көрсетіледі.

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «Батыс ән-күй мектебі» дәріс-концерті өтеді.

19.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және омбылық «Авангард» хоккей клубтары ойын өткізеді.