21 желтоқсанда «Бейнеу-Бозой» газ құбыры құрылысының алғашқы тасы қаланады -вице-министр Л. Қиынов

АНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Бейнеу-Бозой» газ құбыры құрылысының алғашқы тасын қалау 21 желтоқсанға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов мәлім етті.

21 желтоқсанда «Бейнеу-Бозой» газ құбыры құрылысының алғашқы тасы қаланады -вице-министр Л. Қиынов

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба бойынша барлық мәселелер шешілген. «Желтоқсанның 21-інде «Бозой» газ қоймасының аумағында құрылыстың алғашқы тасын қалау жоспарланып отыр»,-деп атап өтті вице-министр.