21 желтоқсанда қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 21 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 желтоқсанда қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Кәсіпорынның мәліметінше , дүйсенбі күні еліміздің үш қаласында - Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.