21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек оңтүстік және оңтүстік шығыста ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде, тұман түседі, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында көктайғақ болады.