22-24 ақпан аралығында ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Казгидромет» РМК 2018 жылдың 22-24 ақпанына арналған ауа-райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алдағы күндері Қазақстанның басым өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Кейбір жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түсуі мүмкін. Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін антициклонға байланысты батыста, одан кейін республикамыздың барлық өңірлерінде ауа температурасы төмендейді»,-деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар