22 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

87 жыл бұрын (1932-2013) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек Салықұлы САЛЫҚОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен шебері болып еңбек жолын бастаған. КСРО Жоғарғы кеңесінің экология жөніндегі комитетінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. Көп жылдар Кеңес одағы Жоғарғы кеңесінің президиум мүшесі болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғулам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды. К.Салықов - «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р.Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатовтың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Б.Жұманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1968) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Қыдырқожаұлы ЖҰМАШЕВ дүниеге келді.

БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген.

Білімі әскери жоғары, 1990 жылы Новочеркасск жоғары әскери командалық Қызыл Тулы байланыс училищесін тәмамдаған. 2003 жылы ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын үздік бітірді.

1986 жылғы тамыздан әскери қызметте. 1990 жылдан бастап түрлі әскери лауазымдарды атқарды. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысының аппарат басшысы. 2005 жылғы наурыздан - БҚО ТЖ департаментінің бастығы. 2008 жылғы наурыздан - Атырау облысы ТЖ департаментінің бастығы. 2011 жылғы наурыздан - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры. 2012 жылғы қыркүйектен - ҚР ТЖ министрлігі Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры. 2014 жылғы қазаннан ҚР Ішкі істер министрлігі ТЖ комитеті төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың қыркүйегінен.

50 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы ЖҮСІПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1987 жылдан 1989 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша түлегі. «Әскери істегі стратегиялық менеджмент» (Жедел-стратегиялық деңгейдегі басқару бағыты) мамандығы бойынша Әскери іс және қауіпсіздік магистрі.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарына қабылданды. Қызмет жолында ұлттық қауіпсіздік органдарында кіші жедел уәкілі лауазымынан бастап, түрлі бөлімшелердің басшысы ретінде қызмет атқарды. 2001 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде түрлі құрылымдық бөліністерге басшылық етті.

2017 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 3 мемлекеттік наградамен - І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2010 ж., 2016 ж.) және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (2005 ж.) марапатталған. 12 ведомстволық және мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ «Елбасы қорғаны» төс белгісімен марапатталған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.

45 жыл бұрын (1974) «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алан Ғазизұлы ӘЖІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1994 жылдың тамызынан 1995 жылдың қыркүйегі аралығына - «Макс» телерадиокомпаниясы, радиожүргізуші. 1995 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың тамызы аралығында - «31 арна» Телерадиокомпаниясы», теле-, радиожүргізуші. 1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың қыркүйегі аралығында - «City» Телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалық директоры. 1999 жылдың ақпанынан 1999 жылдың қыркүйегі аралығында - «Радио Караван» директоры. Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2008 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қаңтары аралығында - «Таң» Телерадиокомпаниясы» ЖШС бас продюсері. 2009 жылдың желтоқсанынан 2012 жылдың мамыры аралығында «Радио «Тенгри ФМ» бас продюсері. 2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың қаңтары аралығында «SKYMAX MEDIA» бас директоры. 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың тамызы аралығында «Айқын» және «Литер»қоғамдық-саяси газеттерінің директоры. 2016 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың мамырынан.

Соңғы жаңалықтар