22 қаңтар. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 қаңтарға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған.
1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен шебері болып еңбек жолын бастаған. КСРО Жоғарғы кеңесінің экология жөніндегі комитетінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. Көп жылдар Кеңес одағы Жоғарғы кеңесінің президиум мүшесі болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды.
1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғулам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды. К.Салықов - «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы.
Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді.
В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р.Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатовтың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Б.Жұманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі. Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Мәскеу жоғары көркемсурет училищесін бітірген.
«Ұлы көш», «Замандастар», «Әке», «Ата-баба жері», «Суретшінің түсі», «Әже», «Түсіру алаңы», «Әкені майданға шығарып салу» және тағы да көптеген кескіндемелік еңбектердің авторы. Туындылары Бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылды. Түлкиев шығармашылықты спортпен байланыстыра білді, таэквондодан қара белбеу иегері. Бүгінде туған ауылындағы орта мектепке оның есімі берілген.

Торғай облысында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2002 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қаласында «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Торғай филиалында маман болып бастады. 1994-1996 жылдары Амангелді ауылында «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Амангелді филиалында экономист, аға экономист. 1996 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Арқалық қаласында «Қазагроөнеркәсіпбанк» Торғай облыстық филиалының аға инженері, бас инженер-бағдарламашысы. 1993-1997 жылдары «Қазагроөнеркәсіпбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының басқарушысы. 1997-2003 жылдары салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2003-2004 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2004-2005 жылдары «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің бөлім бастығы. 2005-2007 жылдары Семей қаласының Салық комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. 2009-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің арнайы мамандандырылған басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012-2016 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі лауазымында болды. 2016-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
ІI дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» (2015), ІІІ дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» «Атамекен» ҰКП (2016), «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» (2019) медальдарымен, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» (2011) төсбелгісімен марапатталған.

Ол 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында туған.
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1993-1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы;
1995-1996 жылдары Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті;
1996 — 2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент;
2000 — 2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы;
2002 —2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы;
2004 —2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы;
2005 — 2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.
2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Меdіахолдингінің бас директоры қызметін атқарған.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Түркістан қаласында туған. Халықаралық білім беру корпорациясының Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген (2011); Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Еңбек жолы: «Градкомплекс» ЖШС қызметкері (2011-2013); Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы (2013-2014); Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі бас маманының міндетін атқарушы (04.2014-07.2014); Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (2014-2017); Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылысы жобалары және сәулеттік жоспарлау секторының меңгерушісі (2017-2018); Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы (2018-2020); Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы (2020-2021); Түркістан қаласы әкімінің орынбасары (2021-2022).
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.