22 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 22 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11:00-де Comfort Hotel Astana қонақ үйінде «Мама Про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры «Мама Про» қорымен бірге мүмкіндіктерді ашу» атты қорытынды форум өткізеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Банктер омбудсменінің қызметі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де Мәжілісте аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің ауыл шаруашылығын қаржыландыру жүйесін жетілдіру және фермерлер үшін несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру мәселелеріне арналған тақырыптық отырысы өтеді.
19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Қарагөз» трагедиясы сахналанады.
19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі ұсынылады.
19:00-де «Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы қойылады.