22 қаңтарда қазақстанның көптеген бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көптеген бөлігі фронтальдық бөліктердің ықпалында болып, онымен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі - жауын-шашын жауып, бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандардың кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

22 қаңтарда қазақстанның көптеген бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін өседі. Күндіз Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа дейін, жел екпіні - 25 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз Атырау облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.