22 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 22 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

22 қараша. ЖЕК СЕНБІ

Бүгін - Ливан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1943). Астанасы - Бейрут қаласы. Мемлекеттік тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - ливр. Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы сәуірдің 20-ында орнатылды.

Бүгін - АҚШ-та Джон Кеннедиді еске алу күні. 43 жыл бұрын АҚШ президенті, мемлекеттік қайраткер Джон Фицжеральд Кеннеди (1917-1963) қастандық құрбаны болды. Бүгін - Әзербайжанның әділет қызметкерлерінің күні. 2000 жылғы 11 қарашада Әзірбайжан Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бүгін - Армения банк қызметкерлерінінің күні. Оны атап өтуді 2003 жылы 22 қарашада Армения Үкіметі бекіткен. Бүгін - Украинаның азаттық күні. 2005 жылғы 19 қарашада Украина Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бүгін - Украинада ашаршылықтан жапа шеккендерді еске алу күні

Бұл күн жыл сайын қарашаның төртінші сенбісінде 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты (голодомор) еске алуға арналған. Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатының салдарынан Украинада миллиондаған адам аштан қырылған. Атаулы күн 1998 жылдан бері аталып келеді.

Бүгін - Албан алфавитінің күні Албанияның өзінде және албан тілінде сөйлейтін адамдар көп тұратын елдерде (Сербия, Черногория, Македония, Түркия, Греция, Италия, Румыния) аталып өтіледі. 1918 жылы 14-22 қараша аралығында Манастир (Битола) қаласында конференция өткен. Оның басты міндеті албан алфавитін стандарттау болатын. Онда қабылданған алфавит латын қарпі негізінде құрастырылып, 36 әріптен (29 дауыссыз және 7 дауысты) құралды. Айта кету керк, «w» әрпін өзге тілдерден енген сөздерде ғана кездестіруге болады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 1 8 жыл бұрын (1997) Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің І съезі өтті. 1 7 жыл бұрын (1998) Алматыда ақын Хамит Ерғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. 1 1 жыл бұрын (2004) Алматыда «Жемқорлыққа қарсы тұру негіздері» жаңа оқу құралының таныстырылымы өтті. Бұл оқулық Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкованың редакторлығымен шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі оқулық қазақ, орыс және ағылшын тілінде тұңғыш рет дайындалып, шығарылды. Мұнда сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде сипатталып, жемқорлықты жоюдағы сот жүйесі мен азаматтық қоғамның рөлі ашып көрсетілген. 1 1 жыл бұрын (2004) Таразда 70-ші жылдардағы Жамбыл облысының қоғам және мемлекет қайраткері болған Елубай Олжабаевты еске алу мақсатында мемориалды тақта орнатылды. 1 1 жыл бұрын (2004) Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Үкібай ауылында Ғани Мұратбаев атындағы бірегей бақылау-өткізу пунктінің (ББӨП) ашылуы өтті. Мұндай пункттерді салу және жарақтандырудағы негізгі мақсат - сыртқы экономикалық іс-қимылмен айналысатындар үшін қолайлы жағдай жасау. Кеден үдерістерді қарапайымдандыру, мемлекеттік шекара арқылы өту уақытын мейлінше қысқарту. 1 1 жыл бұрын (2004) Қызылордадағы көшелердің біріне өлкеге танымал жазушы және журналист Орман Нұрқабаевтың есімі берілді. Ол Шиелі мен Сырдария аудандарында шыққан аудандық газеттердің редакторы болған, облыстық «Ленин жолы» газетінің бөлім меңгерушісі, облыстық баспахананың директоры қызметтерін атқарған. О.Нұрқабаев осы аймақтағы журналистика мен полиграфия саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан. 10 жыл бұрын (2005) Алматыда Ұлттық кітапхана құрылтайшысы болып отырған сыни-сараптамалық «Айт» art-журналының алғашқы саны жарыққа шықты. 10 жыл бұрын (2005) Олжас Сүлейменовке «Татарстан Республикасының Ғылым академиясы Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы» атағы берілді. Олжас Сүлейменов Татарстан Ғылым академиясының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының мәжіліс залында түрктану саласындағы зерттеулеріне қатысты дәріс оқыды. Институт директоры, Татарстан Президенті жанындағы Саяси мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңесші, философия ғылымдарының докторы Рафаиль Хакимов ақынға «Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы» атағын беру туралы дипломды табыс етті. 8 жыл бұрын (2007) Жамбыл облысының солтүстігінде орналасқан Мойынқұм шөлейтінде пайдалы қазбалар тізіміне жаңа кен қосылды (Мойынқұмда жазда 40 градус ыстық болса, қыста 40 градус суық болады) Оның жер қойнайында алтын, уран, барит, таскөмір, әк, гипс, мәрмәр сияқты қазба байлықтар жетерлік). Облыстық Өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінен хабарланғандай, «Жамбыл Дидар» және «Оңтүстік Қазақстан жер қойнауы» ЖШС геологтары Мойынқұм жерасты қойнауында қорының көлемі әлі де анықталатын зергерлік алмастың бар екендігін айтты. 8 жыл бұрын (2007) Братиславада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Сындарлы 10 жыл» кітаптарының словак тіліндегі таныстырылымы болды. Шара Қазақстан басшысының Словакияға жасаған мемлекеттік сапары кезінде ұйымдастырылған қазақ-словак бизнес-форумының барысында өтті. Форумда сөз алған Н.Назарбаев «Қазақстандық жол» кітабында Қазақстанның тәуелсіздік алған 16 жыл ішінде жүріп өткен жолы туралы баяндалатынын айтты. Президент. Н.Назарбаев аталған кітаптарын бизнес-форумға қатысқан құрметті қонақтарға сыйға тартты. 8 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында мұнай, газ жөніндегі электрондық оқырмандар залы ашылды. Жоба «Шеврон» компаниясының бастамасымен және қаржылай қолдауымен іске асты. Электронды кітапханада мұнай және мұнай-газ ұңғымаларындағы бұрғылау және өңдеу, мұнай мен газ, мұнай-химия өндірісін қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі 2500 кітап бар. Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мерзімді баспасөз де бар. 8 жыл бұрын (2007) Оралда №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы іске қосылды. Стадион 2 500 орынға есептеліп, барлық халықаралық стандарттарға сай салынған. 8 жыл бұрын (2007) Румынияда мемлекеттік сапар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Румыния Парламентінің Сенатына 140 жыл» медалімен марапатталды.

5 жыл бұрын (2010) Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданындағы Покровка ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекелік шаралары аясында Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың мүсіні ашылды.

Жәлел Қизатов 1920 жылы 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қарағай ауылында туған. Еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Кеңес Одағының Батыры (15.1.1944). 1940 жылы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген соң, Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірген Қизатов 154-гвардиялық артиллерия полкының взвод командирі болды. Соғыс жылдары жоғары артиллерия мектебін бітіреді. 2-ші Дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Ол Одесса, Қырым, Сталинград, Белоруссия майдандарында, фашистермен күресті. Батыр қалалар: Одесса, Керчь, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны фашистерден азат етуге қатысты, Германия жерінде соғысты. 1944 жылы Днепр өзені үшін болған шайқаста көрсеткен асқан ерлігі үшін аға лейтенант Қизатовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғысты майор шенінде аяқтады. Соғыстан соң Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1947-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1952 - 57 жылы Булаев ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1957 - 63 жылы Таман дивизиясы атындағы кеңшардың директоры, 1963 - 68 жылы Қарақоға элеваторының директоры болды. 1968 - 87 жылы Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, 1988 - 97 жылы облыстық табиғатты қорғау қоғамы төралқа төрағасының орынбасары, кейін төрағасы қызметін атқарды. Ол облыс экономикасын дамытуға, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіп саласына елеулі үлес қосты. Оның белсенді қатысуымен Қызылорда астық өнімдері комбинаты Жалағаш және Шиелі элеваторының құрылысы іске асырылды. Арал экологиялық апат аймағының мәселелерін жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді. Арал өңіріндегі эколологиялық апаттан зардап шеккендерді әлеумемуеттік қорғау мәселесі бойынша заңды жетілдірушілердің бірі болды. Жеңіс парадына екі рет қатысты. Ол бірнеше өлең, повестер, поэмалар мен әңгімелер жазған. Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған. 2 рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, 1,2-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 5 жыл бұрын (2010) Астанада ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында қаладағы мектеп оқушыларына арналған «Н.А.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты сабақ өткізілді. Оқушылар әдеттегі мектеп дәрісінен өзгерек, Н. Назарбаевтің балалық және жасөспірім шағынан театрландырылған көріністер қою арқылы Елбасының өмірін, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын танып білді.

4 жыл бұрын (2011) Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 150-ші сессиясы өтті.

Халықаралық көрмелер бюросының мерейтойға арналған 150-ші Бас ассамблеясында қазақстандық делегация EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізуді қабылдаушы мемлекет позициясына үміткер ретінде өз кандидатурасын қорғады. Өзінің 30 минуттық тұсаукесерінде Қазақстан тарабы EXPO көрмесін өткізу аумағын 3-D форматындағы моделін ұсынды. Ал ХКБ делегаттары Астананың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері жайында біліп қана қоймай, Қазақстан елінің осынау кең көлемдегі көрмені өткізуге дайындығы туралы хабардар болды.

4 жыл бұрын (2011) Қарағандыда Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай қала орталығындағы алаңға Тәуелсіздік монументі орнатылды. Монументтің биіктігі 47 метр, салмағы 16 тонна. 4 жыл бұрын (2011) Астанада «Электрондық үкімет» порталының жаңа қызмет көрсету сервистері таныстырылды. Жаңа қызметтердің ішінде - «Коммуналдық қызметтерді төлеу», «Халыққа қызмет көрсету орталығында онлайын режимде кезекке тұру», «Фото-бейне бақылау жүйелерімен анықталған жол қозғалысындағы заң бұзушылықтар туралы мәліметтер алу қызметтерін пайдалануға болды.

4 жыл бұрын (2011) Алматыда «Экономика» таңдамалы еңбектерінің 21 томдығы таныстырылды.

3 жыл бұрын (2012) Кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Алматыда дербес кинотеатр ашты. Оның ерекшелігі, көрермендер онда репертуарды өзі таңдай алады.

3 жыл бұрын (2012) Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Алаш орда» қайраткерлерінің бірі, қазақ халқының бірінші прокуроры Жаханша Досмұхамбетовтың 125 жылдығына орай салтанатты кеш өтті.

3 жыл бұрын (2012) Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеттері өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында әсем Астана бельгиялық Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу астанасы болып таңдалды.

Қазақстан елордасы ұсынған тақырып - «Болашақтың энергиясы» - энергияның баламалы көздеріне және «жасыл» технологияларға арналған.

Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол.

2 жыл бұрын (2013) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС күкірт қышқылын өндіру зауытының жұмысымен танысты.

2013 жылдың тамыз айында күкірт қышқылын өндіретін цех іске қосылған болатын. Оның жалпы құны - 14 млрд. теңге, қуаттылығына сәйкес жылына 600 мың тонна өнім өндіре алады.

Зауыт Германия, Чехия, Ресей, Жапония және Қазақстанда шығарылған заманауи құрылғылармен жабдықталған. 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

9 8 жыл бұрын (1917) Канадада Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) құрылды.

6 9 жыл бұрын (1946) Англияда қазіргі қолданыстағы (шарлы) қалам алғаш сатыла бастады.

5 9 жыл бұрын (1956) Мельбурнда (Австралия) XVI Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. 5 2 жыл бұрын (1963) АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннеди атып өлтірілді.

ЕСІМДЕР 10 1 жыл бұрын (1914-1986) театр және кино суретшісі, кескіндемеші, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚОЖЫҚОВ Құлахмет Қоңырқожаұлы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Санкт-Петербор үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясын бітірген. Өнердегі шығармашылық жолын анасы Ләтипа Қожықова мен ағасы Қожахмет Кожықовпен бірге драма театры сахнасын көркемдеуден бастаған. 1932-1938 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының суретшісі болды. 1938-1954 жылдары Алматы киностудиясында, Орталық Біріккен киностудия құрамында суретші, Қазақ мемлекеттік баспасының суретшісі қызметін атқарды. 1970-1986 жылдары өзі ұйымдастырған Республикалық қолөнер мұражайының тұңғыш директоры болды. Қазақ драма театрында спектакльдердің сахналық безендіруін жасады. 1944 жылы қойылған «Абай» операсының декорациясы мен костюмдерінің үлгілерін дайындап, көптеген опералық шығармаларды сахналауға қатысты. Қожықов қазақ кино өнерінің дамуына да зор үлес қосты. «Домбыра сазымен», «Алып туралы ән», «Абай әні», «Біз Жетісуданбыз», «Менің атым Қожа», «Алдар Көсе», «Атамекен» және «Гауһартас». Абай, М.Әуезов, Т.Г.Шевченко, Ы.Алтынсарин кітаптарын, «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Қобыланды», т.б. эпостарды безендірді. Оның бірқатар графикалық туындылары пейзаж жанрына арналған: «Танаптағы орман», «Шырша», «Үшқоңыр жайлауы», т.б. Ол «Қазақ қолөнер шеберлері» ғылыми-көпшілік фильмін түсіруге атсалысты. 9 7 жыл бұрын (1918-1987) ақын, жазушы, әдебиет сыншысы ӘЛІМҚҰЛОВ Тәкен дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Мәскеудегі әдебиет институтын бітірген. Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеген. 1945-1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» деген атпен 1950 жылы жарық көрген. Қаламгердің «Жазғы жаңбыр», «Қаратау өрнектері» өлеңдер мен поэмалары, «Сейтек сарыны», «Туған ауылда», «Күрең өзен», «Кертолғау», «Шежірелі сахара», «Көкек айы» әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақбоз ат», «Тұлпардың тағдыры», «Ел мен жер», «Замана екпіні» романдары шыққан. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» зерттеу еңбегін жарыққа шығарған. Көркем аударма саласында М.Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын, П.Павленконың «Бақыт», Г.Николаеваның «Орақ үстінде» романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. 8 7 жыл бұрын (1928-1947) Кеңес Одағының Батыры САВВА Владимир Артемович дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына алынған. Екі жылдан кейін Ұлы Отан соғысына араласып, 240-шы атқыштар дивизиясының командирі болған. «Ленин», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 7 7 жыл бұрын (1938-2003) техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы ҚҰНАНБАЕВ Әшірбек дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Жезқазған кен байыту комбинатының Оңтүстік, Шығыс кеніштерінде, Ақшатау кен байыту комбинатында жұмыс істеген. 1989-2003 жылдары «Отырар» акционерлік қоғамының, президенті, «Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 5 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты ЛУШНИКОВА Надежда Андреевна дүниеге келді. Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ арасында тәрбиеленіп, қазақша оқып, білім алған. Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педучилищені, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Өлеңді жазып та, суырып та шығарады. 1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып жүлдегер болған. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т.Дүйсебаев). Жамбыл аудандық, Алматы облыстық айтыстарға қатысып, қарсыластарын жеңген. 1985 жылдан Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ү.Кәрібаев мұражайының бас ғылыми қызметкері, директоры қызметтерін атқаруда. Алғашқы өлеңдері Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде 1958 жылы жарияланды. Өлең-жырларының жинағы екі дүркін жеке жинақ болып («Елім менің», «Көңіл хошы») басылды. Сол жинағы үшін Қазақстан комсомолының сыйлығы берілген. «Сағынарсыңдар мені де», «Қазақтың бір қызымын» атты кітаптары жарық көрген. Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. 7 5 жыл бұрын (1940) венгр мәдениеттанушысы, жазушы, түркітанушы МИХАЙ БЕНКО дүниеге келді. Будапешт қаласында туған. Будапешт университетін бітірген. Ол Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегін мажар тіліне аударған. 2001 жылдан Қазақстанда тұрақты экспедициялар жүргізіп, Торғай, Омбы, Петропавл өңіріндегі қыпшақ-мадиярларды зерттеп, «Торғайдағы мажарлар» атты 4 тілде (қазақ, мажар, ағылшын, орыс) жазылған кітап шығарды. Автордың бұл еңбегі 1961 жылы Торғайда жүргізілген антрополог Тот Тибор экспедициясының заңды жалғасы. Онда көне этногенетикалық, тарихи-мәдени жазба деректер, аңыздар, дәстүрлі мәдениеттегі ұқсас элементтер, антропоскопиялық жақындастық арқылы туыстық сабақтастық мәселесі сараланады. Бұған қоса ол Қазақстан археологиясы мен этнотарихына байланысты жүздеген мақалалар мен ғылыми монографияларды венгр, ағылшын тілдеріне аударған. 6 3 жыл бұрын (1952) Алматы облысының әкімі БАТАЛОВ Амандық Ғаббасұлы дүниеге келді. Өзбекстанның Нөкіс қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық. 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман. 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті. 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі. 1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. «Құрмет» (2008) орденімен, «Астана», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 5 3 жыл бұрын (1962) ҚР Бас прокуроры ДАУЫЛБАЕВ Асхат дүниеге келді. Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін «Динамо» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болып еңбек етті.

1981-1983 жылдары КСРО Қарулы күштерінде әскери борышын өтеді. 1983 жылы Свердловск заң институтының сот-прокурорлық факультетіне оқуға түсті. 1987 жылы осы жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп, жолдама бойынша Қазақстанның прокуратура органдарына жұмысқа жіберілді. Еңбек жолын тағылымдамашы болып бастап, кейін тергеуші, сосын Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі болды. 1990 жылдан Алматы қаласының Калинин және Октябрь аудандары прокурорларының орынбасары қызметін, аудан прокурорының міндетін атқарды. 1992 жылы Алматы қаласы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің бастығы және алқа мүшесі болып тағайындалды. 1994 жылдың ақпанынан бері Алматы қаласының Төрелік соты төрағасының орынбасары болса, осы жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жалпы қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 1997 жылы Үкіметтің қаулысымен А.Қ. Дауылбаев Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, әділет біліктілік алқасының төрағасы болды. 1999 жылы «Қазақтелеком» ААҚ-ның вице-президенті - бас әкімшілік директоры болды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, онда ТМД парламентаралық ассамблеясындағы құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясын, сондай-ақ сот-құқықтық реформа мәселелері жөніндегі «Әділет» депутаттық тобын басқарды. 2001 жылдың 16 қаңтарынан 2011 жылдың 14 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызмет атқарды. 2011 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 2-ші дәрежелі Мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Мемлекетімізге сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1-ші және 2-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, 8 медальмен және атаулы қарумен марапатталған.

Күрестен КСРО спорт шебері. 4 2 жыл бұрын (1973) «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ЛАРИОНОВ Дмитрий Владимирович дүниеге келді. 3 4 жыл бұрын (1981) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары МӘКЕН Бақтияр Мәкенұлы дүниеге келді. 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін, 2009 жылы Монтана-Миссула университетін (АҚШ) («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жастар істері комитетінің мәдени ұйымдастырушысы болып бастап, 2006 жылға дейін осы жоғары оқу орнында жастар істері комитеті төрағасының орынбасары, жастар ұйымының төрағасы қызметтерін атқарады. 2003-2006 жылдары «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ тең төрағасы. 2004-2007 жылдары «Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар ұйымы төрағасының орынбасары. 2005-2007 жылдары «Жасыл ел» жастар-еңбек жасақтары Республикалық штабының менеджері. 2009-2010 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен және ЖОО-лармен жұмыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы. 2010-2012 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы. 2012 жылдан Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы. 2013 жылғы 13 тамыздан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 20 7 жыл бұрын (1808-1892) әлемдегі алғашқы туристік агенттіктің негізін қалаушы КУК Томас дүниеге келді. Оның агенттігі өз клиенттерін «Барлық жол Римге апармайды, кейбірі сіз барғыңыз келген жерге бастайды» деген тіркестермен қарсы алатын. Өзі қайтыс болғаннан кейін бұл ісін баласы жалғастырды. Ол әкесінің атымен әлемдегі алғашқы тревел-чектер шығарып, сапарға шыққандардың жұмысын жеңілдетті. 12 5 жыл бұрын (1890-1970) француз әскери және қоғам қайраткері, Бесінші Республиканың тұңғыш президенті Шарль де ГОЛЛЬ дүниеге келді. 10 6 жыл бұрын (1909-1970) кеңестік ғалым және тікұшақтар конструкторы МИЛЬ Михаил Леонтьевич дүниеге келді. 8 7 жыл бұрын (1928) кеңестік және ресейлік жазушы, және ән мәтіндарын жазған ақын ДОБРОНРАВОВ Николай Николаевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар