22 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 22 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pexels

10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде халықаралық медиафорум өтеді.

10.00-де Экономикалық зерттеулер институты «ҚР ішкі нарығындағы азық-түлік тауарлары бағасы жағдайы туралы» ашық диалог өткізеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Интернетте онлайн сатып алу кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

12.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қылмыстық және әкімшілік істер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар мен заңнамалық нормалар жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылтуға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Құнанбай» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» перфомансы көрсетіледі.

19.00-де Жастар театрында «Өмір» драмасы ұсынылады.