22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында көлемді антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда.

22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде және таңертең Қарағанды облысының жекелеген аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Алдағы тәулікте Қызылорда облысының оңтүстік аумағында Сырдария өзенінде су көлемінің ұлғаюы жалғасады. Шемонаиха (ШҚО) ауданындағы Оба өзенінде өткен су тасқынының толқыны таралуы есебінен су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Қазақстанның көптеген өзендерінде су беті әрі қарай салқындайды, сотлүстік облыстардың және республиканың оңтүстік-шығысының жекелеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі күтілуде.