22 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 22 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Сарқытбай ҚҰСАЙЫНОВ, Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы
1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Талдықорған Заң техникумын, 2003 жылы Д.Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Талдықорған ауданы ІІБ Іздестіру бөлімінің жедел уәкілі қызметінен бастаған. 1995-2019 жылдары Алматы облысы ІІБ түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. 2022 жылы Қарағанды облысы ПД Балқаш ҚПБ бастығы болды. Одан кейін Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын басқарды. 2023 жылы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2023-2024 жылдары Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы міндетін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қаңтар айынан бастап атқарып келеді.
Дәулетхан ЖИЕНҚҰЛОВ, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
1975 жылы туған. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді, Экономика ғылымдары мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Алматы облысындағы республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі болып бастаған. 2000-2001 жылдары «Алма-Медиа» ЖШС ақпараттық бағдарламаларының редакторы, 2001-2002 жылдары «КТК» ақпараттық бағдарламаларының редакторы, 2003-2003 жылдары «НТК» ақпараттық бағдарламалары редакциясының шығарушы редакторы, 2003-2003 жылдары «31 арнаның» журналисі болды. 2004-2005 жылдары «CaspioNET» телеарнасының редакторы, 2005-2006 жылдары «31 арна» телерадиокомпаниясы қазақ редакциясының тілшісі, 2006-2007 жылдары «Қазақстан» АҚ АСБД бас редакторы, 2007-2008 жылдары «Қазақстан» АҚ АСБД басшысы болып тағайындалды. 2008 жылы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының редакторы, 2011-2013 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-2019 жылдары «Қазконтент» АҚ «Bnews.kz» ақпараттық агенттігі қазақ редакциясының жауапты редакторы, «Қазконтент» АҚ «Baq.kz» ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары, «Қазконтент» АҚ «Strategy2050.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы болды. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы тамыздан бастап атқарып келеді.
2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Даниел ТАТАЕВ, Павлодар облыстық әділет департаментінің басшысы
1976 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген.
1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994-2000 жылдары Арқалық ет комбинатының тон-тері цехының жұмысшысы болып бастаған. 2000-2001 жылдары Астанадағы «Аокн» ЖШС-да заңгер лауазымын атқарды. 2001-2002 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы РМК күзетшісі, 2002-2003 жылдары ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің жетекші маманы болды. 2003-2004 жылдары ҚР Әділет министрлігі Құқықтық насихат департаментінің жетекші маманы, 2004-2007 жылдары ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің жетекші маманы қызметтерін атқарды. 2007-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Халықты тіркеу жұмысын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, бас сарапшысы қызметтерін атқарды. 2014-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті Іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары; 2016-2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды. 2017-2021 жылдары ҚР Әділет министрлігі Кадр қызметі департаменті Кадр жұмысы басқармасының басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары, 2022 жылы ҚР Әділет министрлігі Құжаттарды есепке алу және бақылау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылғы қараша – 2023 жылғы сәуір аралығында ҚР Әділет министрлігі Құжаттарды есепке алу және бақылау департаменті Азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2023 жылы ҚР Әділет министрлігі Құжаттарды есепке алу және бақылау департаменті Құжаттарды бақылау басқармасының басшысы, 2023 жылғы тамыз – 2026 жылғы маусым аралығында ҚР Әділет министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттарды бақылау басқармасының басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.
Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы
1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Талдықорған заң колледжін, 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылғы наурыз – 2001 жылғы мамыр аралығында «Туризм, спорт және демалыс» журналының редакторының орынбасары болып бастаған. 2001 жылғы маусым – 2003 жылғы қыркүйек аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Zurich» қонақүйі сервис қызметінің жетекшісі, 2003 жылғы қазан – 2006 жылғы мамыр аралығында «Citybus» ЖШС-ның бас заңгер-кеңесшісі, 2007 жылы «Жетісу Папирус» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылғы қараша – 2013 жылғы қаңтар аралығында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, 2013 жылы «G4» ЖШС-ның «Алматы қаласының серіктес қалалары» жобасының бас менеджері; 2013 жылғы қазан – 2017 жылғы қазан аралығында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы бойынша директоры болды. 2018 жылғы сәуірден бастап «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, 2021 жылдан бастап «ADAL» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы, 2021 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар аралығында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болды. 2022 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2022 жылғы қаңтар – 2025 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
Ержан ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, ҚР ҚК Бас штабының РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы
1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы республикалық әскери мектеп-интернатын, 2003 жылы Әскери РХБ қорғау университетінің филиалын, 2015 жылы Әскери РХБ қорғау академиясын тәмамдаған.
Әскери қызмет жолын 2003–2004 жылдары 73805 әскери бөлімінің РХБ барлау взводының командирі болып бастаған. 2004-2008 жылдары 50185 әскери бөлімінің химиялық қызмет бастығы, 2008-2012 жылдары ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы РХБ қорғау басқармасының аға офицері, 2012-2016 жылдары 65476 әскери бөлімінің батальон командирі, штаб бастығы болып тағайындалды. 2016-2018 жылдары ҚР ҚК Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің РХБ қорғау әскерлерінің бастығы, 2018-2019 жылдары ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы РХБ қорғау басқармасы бөлімінің бастығы, 2019-2020 жылдары ҚР ҚК Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментінің РХБ қорғау әскерлері және экологиялық қауіпсіздік басқармасы бағытының аға офицері болды.
Қазіргі қызметін 2020 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығының лауреаты
1950 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай өңірінде дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1974-1984 жылдары республикалық «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының әдеби кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениет орталығының аға ғылыми қызметкері болды. С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік музейдің директоры қызметін атқарған.
Ол «Көктем тынысы», «Алғашқы жол», «Әке туралы сыр», «Уақыт жаңғырығы» және басқа да жыр жинақтарының авторы. 1988 жылы ақынның бастауыш сынып оқырмандарына арналған «Күміс күйме» атты өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді. 1974 жылы «Найзағай» поэмасы үшін, ал 1976-1977 жылдары «Жар жүрек соға бер» және «Бас сүйектер» поэмалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік баспа, полиграфия және кітап саудасы комитетінің, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағының және «Жалын» баспасының сыйлықтарына ие болды.
Еңбегі жоғары бағаланып, «Парасат» орденімен (2004), «Барыс» орденімен (2019), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен (2016), бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ «Алтын барыс» төсбелгісімен (2020) марапатталған. 2012 жылы «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Аударған: Ақзат Жиеналина