22 қыркүйек күні елдің басым бөлігіне тұман түсіп, найзағай ойнайды - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM- 22 қыркүйекте Астана мен Қазақстанның 15 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірлерде тұман түсіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Көптеген ауданда өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Смог в Астане Астанада тұман зима қыс
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Астана қаласында синоптиктердің мәліметінше, өрт шығу қаупі жоғары.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстік жартысында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Көкшетауда өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, оңтүстігі мен шығысында жоғары деңгейде сақталады. Алматыда өрт шығу қаупі жоғары, Қонаевта төтенше деңгейде болады. Іле Алатауының таулы аудандарында түнде солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді.

Абай облысының батысы мен оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз шығысы мен орталығында солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Семейде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Шығысында өрт шығу қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде тұман түседі. Батысы мен оңтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын жел күшейеді. Батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Тараз қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Күндіз Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын жел күшейеді. 22–24 қыркүйекте облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Талдықорған қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында күндіз солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде, батысында, солтүстігінде және шығысында төтенше деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады. Ақтау қаласында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады.

Павлодар облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде, солтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады, оңтүстігінде де жоғары деңгейде болады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді. 22–23 қыркүйекте облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Ұлытау облысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазған қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Бұған дейін синоптиктер 22–24 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, тұман түсетінін хабарлаған болатын. Бұл ретте күндіз елдің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде ауа температурасы +32°C-қа дейін көтеріледі.