22 күн бойы компьютерде үздіксіз ойын ойнаған соң көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда компьютер алдында үздіксіз 22 күн бойы отырған 17 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

22 күн бойы компьютерде үздіксіз ойын ойнаған соң көз жұмды

Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде. Алдын ала анықталғандай, 8 тамыздан бері жасөспірім аяғын жарақаттап алуына байланысты үйде отырған. 30 тамызда есін жоғалтқан ол ауруханаға жатқызылған соң қайтыс болған. Тергеушілер анықтағандай, Башқұртстан тұрғыны 2014 жылдан бері компьютерде ойын ойнауға 2 мың сағаттан артық уақытын сарп еткен. Ата-анасы үйде болмаған сәттері ол онлайн-ойындарды үздіксіз ойнап, тек ұйықтап алу үшін ғана үзіліс жасап отырған. Жасөспірімнің өлім құшу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Фото: AP Photo/Ahn Young-joon