22 мамырда еліміздің түкпір-түкпірінде дыбыстық электр сиреналары іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Сирена
Фото: gov.kz

Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасатын болады.

Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылатын болады.

- Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 22 мамырда сағат 9.00-де «Баршаның назарына!» еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз, - деп ескертті ТЖМ.

Айта кетейік, ТЖМ көпқабатты үйлердің қауіпсіздігін дрон арқылы бақыламақ.

Соңғы жаңалықтар