22 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

22 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

11.00-де«Жұмбақтас» қонақ үйінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) «Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбында жиын ұйымдастырады.

Қатысушылар: мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, белсенділер, сарапшылар.

11.00-деонлайн-трансляция форматында брифинг өтеді. Тақырыбы - жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Спикер: ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Қаратайұлы Жұманалин.

11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында жасөспірімдер спорт мектебінің жетістіктері туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы әкімдігіне қарасты №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Серік Халелов.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.30-даПремьер-Министр Әлихан Смайыловтың және Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобтың қатысуымен өтетін Қазақстан-Сингапур бизнес форумы басталады. Іс-шара елордадағы St. Regis Astana қонақ үйінде өтеді.