22 мамыр күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 мамыр күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

22  мамыр күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

Тек республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с шаңды дауылмен бірге сақталады. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.