22 мамырда Нұр-Сұлтан мен Теміртауда ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 мамырда Нұр-Сұлтан мен Теміртауда ауа ластанады

«2021 жылғы 22 мамырда Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Басқа қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.