22 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де The Ritz Carlton қонақ үйінде ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: проблемалар мен шешу жолдары» форумын өткізеді.
9.30-да Radisson Hotel Astana қонақ үйінде Қазақстан гепатологтары/гастроэнтерологтарының «Gastro Hepato Transplant News-2023. Аутоиммунды қиылыстар: бауыр мен ішек. Ішектің қабыну ауруларындағы өзектілік. Гепатологиядағы гемостаз» VI Ұлттық конгресі өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
10.45-те ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында мажар ақыны Шандор Петефидің қазақ тіліне белгілі ақын Қадыр Мырза Әли аударған өлеңдерінің жинағын «Махаббат пен бостандық» аталған жыр жинағының тұсауы кесіледі.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде №3 олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметі туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикер: Астана қаласы әкімдігінің №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары Аманғали Мұзапаров.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
11.00-де «Самұрық-Қазына» қорының басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Назира Нұрбаеваның баспасөз брифингі өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
15.00-де Astana Hub-та Astana Hub пен Google for Startups бірлескен бағдарламасы Silkway Accelerator-дың үшінші легінің Demo күні өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» поэтикалық музыкалық қойылымы сахналанады.
19.00-де «Астана Опера» театрында «Latino Cello» (Оңтүстік Америкаға саяхат) концерті өтеді.