20:05, 21 Маусым 2019 | GMT +5
22 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 22 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН
Сағат 16:00-де «Дәулет» спорт кешенінде джиу-джитсуден Nur-Sultan Grand Prix халықаралық турнирі ашылады.
Сағат 17.00-де «Барыс - арена» мұз сарайында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының жүлдесі үшін VІII халықаралық әскери-музыкалық "Әскери керней" фестивалінің Плац-концерті өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Құрманғазы-Байсейітов көшелерінің бұрышында Денис Тен мемориалы ашылады.
Сағат 19.00-де Almaty Arena-да жазғы жүгіріс түрлерінен шағын марафон өтеді.