22 маусымда біз Ұлы Отан соғысы басталған қайғылы күнді еске аламыз - Сенат спикері Қ.Мәми

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - 22 маусымда біз Ұлы Отан соғысы басталған қайғылы күнді еске аламыз. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды.

22 маусымда біз Ұлы Отан соғысы басталған қайғылы күнді еске аламыз - Сенат спикері Қ.Мәми

Соғыстың кесірінен ағайыны мен туысынан айырылып, қайғы-қасіретке ұшырамаған отбасы жоқ деуге болады. Сондықтан да бұл күн біздің жадымызда мәңгілік сақталады, деп жазады ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің жеке парағында.

«Отан соғысы Кеңестер Одағының барлық халықтары үшін ауыр сынақ болды. Жеңіс жолында құрбан болғандар саны өте көп. Сондықтан өткен соғыстың сабақтары, сондай-ақ оның бүкіл адамзатқа төндірген қауіп-қатерінен сақтану бүгінгі күні де мән-мағынасын жойған жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза болған әскерлердің есімдері мен ерлігін қалпына келтіруге жанқиярлықпен еңбек етіп келе жатқан ардагерлер ұйымдары мен іздеушілер қозғалыстарының өкілдеріне алғысымды айтып, ең ізгі тілектерімді жеткізгім келеді. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне зор денсаулық, рухани сергектік, игілік пен ұзақ өмір тілеймін», - делінген онда.