22 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, кеше, 13 маусымда  Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Н.Нығматулиннің  өкімі шықты.

22 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2012 жылғы 22 маусымда сағат 15-те Астана қаласында шақырылатыны хабарланады.