Шымкенттегі цемент зауыты негізсіз кедергіге тап болған - прокуратура

Инвесторлардың құқықтарының бұзылуының алдын алу,  жолын кесу және оларды дамытуға көмектесу мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасында барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қатысатын Фронт-офис жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazinform қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Шымкент
Фото: egemen.kz

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қала прокуратурасы «Шымкентцемент» ЖШС-ның өзекті кейсін қарады.

Бұл инвестор 200-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, жаңғыртуға 22 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылған цемент өндіру бойынша ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. 2022 жылғы қарашада Компания АҚ-дан ЖШС-ге айналу арқылы қайта құрылды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасалады, оны өтініш келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде әкімдік қарайды.

Алайда бұл талапты бұза отырып, жыл бойы Шымкент қаласы әкімдігінің жайлы ортаны дамыту басқармасы инвестормен жер қойнауын өндіру бойынша қосымша келісім жасасуды созбалаңдыққа салған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімшілік кедергі жойылып, әкімдік цемент зауытымен келісім жасады, Жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім бастығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеу жалғасуда және прокуратура басшылығының бақылауында.

Соңғы жаңалықтар