22 мыңнан астам отбасы оңтүстіктен солтүстікке көшетін болады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» оңтүстіктен солтүстікке көшетін азаматтар үшін жеңілдіктер қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына сілтеме жасап.
None
None

Банк қоныс аударушыларға тұрғын үй бағасының 50 процентінен де төмен бағада баспана алуға мүмкіндік жасап отыр. Ведомствоның мәліметтері бойынша, солтүстікке көшуге ниет білдіргендерге мемлекеттен ауқымды көмек көрсетіледі.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы үш жылда Мақтаарал ауданының тұрғындары 272 мың адамға көбейген. Сарыағаш ауданында бұл көрсеткіш 100 мың адамды құрап отыр. Аталған көрсеткіштерді азайту мақсатында алдағы 5 жылда 22 мыңнан астам отбасыларды солтүстік өңірге көшіру жоспары бар.

Айта кететін мәселе, тұрғындарды солтүстікке көшіру бағдарламасы басталғалы бері аталмыш аймаққа 58 мың 904 отбасы қоныс аударып, олардың 40 проценті оңтүстік өңірден келгендер болып отыр. Бұл өз кезегінде ел тұрғындарының белсенділіктерінің жоғары екендігін көрсетеді, сондықтан болашақта бұл көрсеткіштерді төмендетпеуге күш салынуда. Осыған қарай жұмыс орындары мен берілетін жеңілдіктерге қатысты кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Солтүстікке көшу жөнінде шешім қабылдаған кез келген азамат бар басымдықтарды пайдалана алатынын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар