22 наурызда елордадағы Тәуелсіздік даңғылы, Сарайшық және Сығанақ көшелері жабылады

Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп отыр. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы ЖПБ бастығының орынбасары Қали Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Таңғы сағат 8.00-ден бастап мереке аяқталғанға дейін төмендегі көшелер толығымен жабылады:
- Тәуелсіздік даңғылы Р.Қошқарбаев (Сарайшық) көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін;
- Байтұрсынов көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
- Сарайшық көшесі М1-ден Обаған көшесіне дейін;
- Сығанақ көшесі М3-тен Обаған көшесіне дейін;
«Күндіз Наурыз мерекесі өтетін уақытта тұрғындар мен қонақтар Орынбор көшесімен айналып өтуі тиіс. Қазақ елі монументінің айналасында автокөліктер жиналмауы үшін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз», - дейді Қали Аймағамбетов.