22 наурызда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 22 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 наурызда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 наурызда солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ сақталады. Солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерелерінде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, 23-28 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Секундына 15-20, 25 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Алматы, Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.