22 сәуір. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 22 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1928-1990) актер, Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан ЖАНТӨРИНдүниеге келді.

Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген.

1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен. 1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін сомдап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмге түссе, соның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапарқұдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қарамаржан» фильмдерін түсірген. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.

68 жыл бұрын (1955) Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры-президенті БАЙБЕКОВ Сейдіқасым Ниязбекұлы дүниеге келді.

Лениниград мемлекеттік университетінің физика факультетін физика мамандығы бойынша және осы университеттің жанындағы Физика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында (1978–1986, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент; Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі комитетінде кеңесші, Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде аға референт, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары (1994–2000), Еуразия ұлттық университетінде факультет деканы (2000), Алматы технология және бизнес университеті бөлімшесі директорының орынбасары (2000–2001), аға ғылыми қызметкері (2001–2002), Ақмола технология және бизнес университетінің президент-ректоры (2002–2003), Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (2003–2005), Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры (2005-20015), «Қазақстан инжиниринг» ҰК басқарма төрағасының орынбасары (2015-2018), «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары (2019-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдан атқарып келеді.

60 жыл бұрын (1963) ҚР Парламент Мәжілісінің VIIIшақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Рахметоллаұлы ЕГІЗБАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы Чапаев ауданы «Чапаев» кеңшарының құрылыс бөлімінің жұмысшысы болып бастады. 1980-1985 жылдары – Орал облысы Чапаев ауданы «Чапаев» зауытында агроном. 1986-1987жылдары – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1988-1990 жылдары – Орал облысы Қазақстан ЛКЖО Жымпиты аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар Одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы. 1993 жылы — Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған. 2007-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2016-2017 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2017-2019 жылдары — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары. 2019-2021 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы (02.2021-05.2021). Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі (2021-2023)

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.

35 жыл бұрын (1988) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі вице-министрі КОЧЕТОВ Евгений Дмитриевичдүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары – «Цесна Корпорациясы» АҚ девелопментінде бөлімше басшысы. Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. 2017-2018 жылдары – «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары – «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020-2022 жылдары «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.

Әр жылдары «Литер» қоғамдық-саяси газеті, «Капитал» іскерлік басылымы, «Власть» интернет-журналы, «Информбюро» ақпараттық-талдау порталында шолушы болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың ақпанынан атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар