22 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 22 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
Юрий ПЯ, University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Қазақстанның «Еңбек Ері»
1957 жылы Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген.
1981 жылы алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған. 1982-1984 жылдары Фрунзе (Бішкек) қаласындағы № 3 балалар ауруханасында жұмыс істеді. 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы республикалық ауруханасында кардиохирург, 1985-1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеген. 1994-2003 жылдары «Sani Konukoglu» медициналық орталығының қызметкері болды. 003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған. 2010-2020 жылдары «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
2020 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.
2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі жүрекке ауыстыру отасын жасады.
Қазақстанның Еңбек Ері (2013), «Парасат» (2012), «Отан» (2013) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен (2006); «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2011) марапатталған.
Махаббат БЕКБОСЫНОВА, University Medical Center басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты кардиолог дәрігер
1963 жылы Шымкент қаласында туған. Емдеу ісі мамандығы бойынша И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының түлегі (1986).
Еңбек жолын 1987-1990 жылдары Шымкент қаласындағы № 6 емханада терапевт дәрігер болып бастаған. Кейіннен Мәскеу қаласындағы клиникалық ординатурада және аспирантурада білім алып, сол жерде дәрігер-кардиолог болып жұмыс істеп, аритмология саласында ғылыми зерттеулермен айналысты. 2003 жылдан бастап Астана қаласындағы ҰҒМО VIP терапиясының меңгерушісі, Астана қаласындағы Жүрек орталығының (ҰҒМО) басшысы, 2006-2010 жылдары «Кардиология орталығы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы ДС ДСБ бас штаттан тыс кардиологы болып жұмыс атқарды. 2008-2010 жылдары ҚР ДСМ бас штаттан тыс кардиологы болды.
2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2008 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ҚР ДСМ медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен марапатталды.
Шолпан ӘБДІРЕЕВА, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы
1975 жылы Астана қаласында туған. «Әділет» жоғары заң мектебін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген (2000); Турин университетінің (Италия), зияткерлік меншік магистрі (2006).
Еңбек жолы: 1994-1996 жылдары Ақмола қалалық халық сотының экспедитор-курьері, 1996-1998 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кадр мәселелері жөніндегі 1 санатты маманы, 1998-2001 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, 2001-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, 2008-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары, 2016-2020 жылдары Еуразиялық патенттік ұйымда басшы лауазымдар атқарды. 2022-2023 жылдары зияткерлік құқықтар бойынша заңгер, 2022-2023 жылдары Астана қалалық сотының судьясы, 2023-2024 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры лауазымын атқарған.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2013) медальдарымен марапатталған.
Ғани НЫҒЫМЕТОВ, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры
1983 жылы Ақтөбе облысында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (халықаралық қатынастар саласындағы маман), АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институты (мемлекеттік басқару магистрі) сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (іскерлік әкімшілендіру магистрі) бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде, Сингапур ұлттық университетінде басшылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымдамадан бастады. 2007-2009 жылдары «ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері, 2010-2013 жылдары Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары, 2013-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті қызметінде болды. 2016-2018 жылдары «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2023-2024 жылдары жылы ҚР Парламент Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.
Ізбасар МАСАҚБАЕВ, Абай облысы прокурорының бірінші орынбасары
1985 жылы Алматы қаласында туған. 2002 жылы Алматы заң колледжін, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2010 жылы У.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасының прокуроры, Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілері мен атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Қазіргі лауазымын 2026 жылғы мамыр айынан бастап атқарып келеді.
Юрий ШИН, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
1986 жылы Алматы қаласында туған. 2008 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2006-2010 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ менеджері, 2010-2014 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма бастығы, 2014-2016 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ бас банкінің Операциялық банкинг департаменті директорының орынбасары, 2017-2019 жылдары «Sofita» ЖШС басшысы, 2017-2019 жылдары «Starfin group» ЖШС басшысы, 2019-2021 жылдары «BRAVO GROUP» ЖШС компаниялар тобының басшысы, 2021-2024 жылдары «KazPhos» ЖШС бас директоры, 2024-2025 жылдары Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.