22 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 22 тамыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
9:30-да «Астана – өңірлік электржелілік компания» АҚ объектілері бойынша баспасөз туры өтеді.
10:00-де Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығында БАҚ өкілдері мен блогерлерге діни тақырыптарды жариялау ерекшеліктері бойынша оқыту семинары өтеді.
11:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде Астана қаласында, оның ішінде тұрғын алаптарында жол салу және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралады.
11:00-де «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БАҚ өкілдерін басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовпен кездесуге шақырады.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
12:00-де ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де Қазақстан құрылысшылар одағы Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін әзірлеуші ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді.