22 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

22 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде егін жинау науқанын өткізу және жем-шөп дайындау барысы; алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Халықты қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

12.00-де «Самұрық-Қазына» қорының дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан, «QAZAQ AIR» АҚ басқарма басшысы Еркін Наурызбаев және «QAZAQ AIR» АҚ қаржы директоры Әділбек Өмірәлиевтің қатысуымен баспасөз брифингі өтеді.

12.00-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың жас мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтеді.

Кездесу барысында Президент жастар кадр резервіне іріктеудің негізгі ережелері түсіндіріледі.

14.00-де Jumbaktas Astana Hotel қонақ үйінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы БАҚ өкілдеріне арналған тренинг өткізеді.