22 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1946-1973) ақын, жырау, қазақ ауыз әдебиетінің өкілі РҮСТЕМБЕКҰЛЫ Көшеней дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, Ресей Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында жұмыс істеген.
Ақын «Көроғлы», «Рүстем-дастан», «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» сияқты жыр-дастандарды, Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет т.б. шығармаларын жатқа айтып, ел арасына таратты. Шығармаларының біразы «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы», «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» жинақтарында жарияланды.

null 63 жыл бұрын (1955) жазушы, журналист, «Үркер» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің мүшесі ТҮМЕНБАЙҰЛЫҚуандық дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданынында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.

«Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, Жалын баспасының редакторы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы, «Ақиқат» журналының редакторы қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан бастап.

«Қайын сапты кетпен», «Шоқты көрік», «Жүрдек поезд», «Каникулды күткен қыз», «Жігіттің Көктөбесі» атты повестер мен әңгімелердің, «Қанаты күйген қызғыш құс» деректі повесінің, «Сотталған домбыра», «Жібек жолы» әңгімелерінің, «Көз», «Қобыздың мұңы» хикаяттар мен әңгімелердің, «Жасыл жанып тұрғанда» роман және әңгімелердің, «Сөздік-словарь» авторы.
Халықаралық «Алаш», «Сорос-Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы.

null 61 жыл бұрын (1957) қазақстандық кардиохирург ғалым, халықаралық деңгейдегі кардиохирург, Медицина ғылымдарының докторы, профессор,  «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының  төрағасы   ПЯ Юрий Владимировичдүниеге келді.

Жамбыл облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік медицина иниститутын бітірген.

1981 жылы Юрий Владимирович алғашқы еңбек жолын Тула қалалық ауруханысынан бастаған. 1982 - 1984 жылдары Бішкектің Фрунзе қаласындағы № 3 балалар ауруханасында жұмыс істеді. 1984 -1985 жылдары Қырғызстандағы Корея республикалық ауруханасында кардиохирург,. 1985 - 1994 жылдары Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кардиохирургия және терапия орталығында кардиохирург болып жұмыс істеген. 2003 жылы Қазақстанға оралып, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиохирургиялық клиникасында жұмысын бастаған. 2012 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының тарихында Юрий Пя алғаш рет Чех әріптесі Жан Пирканың көмегімен созылмалы жеткіліксіздігі бар донорлық жүректі жүрекке ауыстыру операциясын жасады.

null 61 жыл бұрын (1957) «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ президенті, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі  ДӨҢСЕБАЕВ Қалмұхамет Жағыпарұлы дүниеге келді.    

Ресей Федерациясы Саратов қаласында «Красно-Кут» ұшқыштар училищесінде «Ұшқыш» мамандығы бойынша, 1998 жылы Талдықорған Заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Академик Жолдасбеков атындағы институтты «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған авиаотрядының АИ-2 ұшағының ұшқышы ретінде бастады. 1981-1983 жылдар аралығында Талдықорған авиаотрядының АИ-2 ұшағының командирі. 1983-1991 жылдары авиазвеноның, авиаэскадрильясының командирі. 1991-1995 жылдар аралығында Як-40 ұшағының ұшқышы, командирі қызметтерін атқарған. 1995 жылы «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-ның вице-президенті. 1995 жылдан бастап «Жетісу» Авиакомпаниясы» АҚ-ның президенті. 2004 жылдан Талдықорған қаласы Футбол федерациясының президенті.

«Ерен Еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Азаматтық авиациясына еңбек сіңірген ұшқыш», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

null 59 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғары қолбасшылығының өкілі, ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, генерал-лейтенантАЮБАЕВ Мұхтар Ақатұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, Минск қаласындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары курсын бітірген. Алматы облысы Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Шымкент облысы бойынша басқармасының жедел уәкілі қызметтерін атқарған. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдықорған облысы бойынша басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, хатшылық бастығы. 1995-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жеке күзетінің бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің 1-ші департаменті бастығының орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдары - Республикалық гвардия қолбасшысының бірінші орынбасары. 2006-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың сәуір айынан бері қазіргі қызметінде.

2-ші дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

null  55 жыл бұрын (1963) ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары ЖОШЫБАЕВ Рәпіл Сейітханұлы дүниеге келді.

Қырғыз Мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

1985 жылдан ғылыми жұмыспен айналысқан. 1993 жылдан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996 жылдан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2000 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары. 2003 жылдың шілдесінен - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы ақпан - мамыр - Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары. 2013 - 2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы мамыр айынан бері.

«Достық» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

null 55 жыл бұрын (1963) Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары БЕКБОСЫНОВА Махаббат Сансызбайқызы дүниеге келген.

Ол Шымкент қаласында туған. И.М. Сеченов атындағы І Мәскеу медицина институтын бітірген (1986).

52 жыл бұрын (1966) Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің әртісі - Астана қаласы филармониясының концерт шараларын жүргізуші ЖҮЗБАЕВА Жансұлу дүниеге келді.

Көкшетау облысы Щучье ауданы Жаңажол ауылында туған. Алматы республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын (1987) сөйлеу жанрының әртісі мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетін (2006) «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
1987 жылдан - Жамбыл атындағы Алматы филармониясының әртісі. 1990 жылдан - Құрманғазы атындағы ұлттық академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі. 1998 жылдан бері - Республикалық гвардияның Президент оркестрі сөйлеу жанрының әртісі - Астана Мемлекеттік филармониясының концерттік іс-шараларды жүргізушісі. «Азия дауысы» халықаралық конкурсының, «Жас қанат» республикалық конкурсының, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар конкурсының, М.И. Глинка атындағы халықаралық классикалық әуендер конкурсының, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының республикалық би жанрлары конкурстарының, жеке ән айту және шығармашылық концерттердің жүргізушісі. Бүкілресейлік конкурстың лауреаты (1988). Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарын алған (2000).

null 38 жыл бұрын (1980) Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарма төрағасы ОМАРОВ Жандар Даниярбекұлы дүниеге келген.

Ол Жамбыл облысында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (2001); АӨК экономикасы және ауылдық аймақтарды дамыту ҒЗИ (аспирантура) «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша (2004); University of Stirling (UK) магистратурасын «Болашақ» стипендиалдық бағдарламасымен «Қаржы» мамандығы бойынша (2011 ж.) бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы бастап, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасады. «ҚазАгроИнновация» АҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ директорлар кеңестерін басқарған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялық саясат департаменті, Стратегия және корпоративті даму департаменті директорының орынбасары, Ғылым департаменті директорының қызметін атқарған (2010-2012);  «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ басқарма төрағасы (2012-2015). «ЮгРегионПласт» ЖШС басқарушы директоры (2016 жылдың ақпанынан бастап).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

null

36 жыл бұрын (1982) Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі ҚАНАЛИМОВ Ерлан Ермекұлы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2003-2005 жылдар аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2005 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі болған.
2005-2006 жылдары - Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы.
2006 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс жасаған.
2007-2009 жылдар аралығы - Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.
2009-2013 жылдары - Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2013-2015 жылдар аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры болып қызмет жасаған.
2015-2018 жылдары Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарған.
2018 жылдың 20 наурызынан бері қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Ерен еңбегі үшін» (2015) мадальдарымен, 2005, 2010, 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

null 35 жыл бұрын (1983) Еуразиялық интеграция институтының директоры  НЫҒЫМЕТОВ Ғани Сақтағанұлы дүниеге келді.    

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған.   

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар маманы (2005); Монтерей халықаралық зерттеу  институты  («Болашақ» бағдарламасының стипенлиаты), Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ), Жоғары бизнес мектебі  Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); Колумбия университеті, бизнес-мектеп және т.б.  

Еңбек жолы: БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші (02.2007-07.2007); ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); «Назарбаев Университеті»  халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017).

null 98 жыл бұрын (1920 - 2012) американдық фантаст-жазушы Рэй БРЭДБЕРИ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар