22 тамыздан бастап Орынбор көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - 22-26 тамызда Орынбор көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан хабарлады.
«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен ағымдағы жылдың маусым айында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскедегі Орынбор көшесіндегі жолдың жоғарғы қабатына ұсақ тасты-шайырлы асфальтбетон 20 төсеу арқылы орташа - ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ пайдаланудың бір айынан кейін аялдама аумақтары және төселген жолдар бойынша іздер, яғни жік түрінде ақаулар пайда бола бастады», - деп ведомстводан хабарлады.
Ақаулардың пайда болу себептерін анықтау үшін «ҚазЖолҒЗИ» ғылыми-зерттеу институты тартылған болатын. Қажетті зертханалық сынақтар жүргізілген соң ақаулардың пайда болуына негізгі бөлігі төменгі қабатының шала тығыздалуы және негізгі бөлігімен нашар байланысқаны себеп болғаны анықталды», - делінген ақпаратта.
Өткізілген сараптаудың негізінде мердігерлік мекеме кепілдік міндеттеме шеңберінде өз есебінен ағымдағы жылдың 22-26 тамыз аралығында ақауларды жоюы тиіс. Осы мерзім ішінде аталған учаскеде автокөлік қозғалысы шектелетін болады.