22 тамыздан бері із-түссіз кеткен қостанайлық табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 тамыздан бері із-түссіз кеткен 46 жастағы қостанайлық Рсалды Сейдалина аман-есен табылды, деп жазады Alau.kz.
None
None

Оншақты күннен бері іздестіріліп жатқан қостанайлық әйелдің дін аман табылғандығы туралы, оның туыстары хабарлаған. Олар Рсалды Сейдалинаның басқа қалада қонақта болғандығын айтты.

Айта кетейік, Рсалды Сейдалина 22 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан оралмаған. Оның ағасының сөзіне қарағанда, Рсалдының есте сақтау қабілетінде кінәрат бар көрінеді.

Соңғы жаңалықтар