22 жастағы Зейнеп Челик Түркияның ең жас мэрі атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Чанаккале округіндегі Калким қаласында тәуелсіз үміткер Зейнеп Челик сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрі болды. Осылайша Челик Түркияның ең жас әйел мэрі атағына ие болды, деп хабарлайды Trthaber.

челик
Фото: trthaber.com

Енисенің әйгілі кәсіпкерлерінің бірі Мехмет Челиктің қызы 22 жастағы Зейнеп Челик жергілікті билік сайлауына тәуелсіз кондидат ретінде қатысты.

Бейресми нәтижелерге сәйкес, сайлауда жеңіске жеткен Зейнеп Челик Калким қаласының мэрі болды.

«Бірлескен күш-жігеріміз және дұғаларымызбен бастаған осы қызмет сапарында қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Калкимге абыройлы қызмет етіп, алдағы 5 жылда халқымызды күн сайын бағалай білуге міндеттімін. Бұл жетістік бәріміздікі», - деді Зейнеп Челик.