22 жастағы Әйгерім бес бірдей жетім баланы жалғыз өзі асырап отыр - Президентке түскен хаттардан

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Құрметті Президент мырза, мен бес бірдей жетім баланы асырап отырмын. Қазіргі кезде төленетін әлеуметтік жәрдемақының көлемі балалардың қажеттілігіне жетпей отыр.
None
None

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы тілдесуіне орай ашылған Байланыс орталығына хабарласқан балалардың асыраушысы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны Әйгерім Алданова осы мәселе туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 жастағы Әйгерім бүгінде жалғыз өзі апасынан қалған бес жетім баланы асырып отыр. Оған қоса, оның екінші топтағы мүгедек анасы бар. «Апам қайтыс болғаннан кейін мен оқуымды тастап, ауылға келдім. Қазір бес баланы асырап отырмын. Оларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 21 мың теңгені құрайды. Бұл балалардың барлық қажеттіліктеріне жетпейді.  Тұрмыс құрмасам да, мүгедек анам екеуіміз бар қиыншылықтарды көтеріп келеміз. Дипломымды әлі алған жоқпын. Осыған байланысты Елбасыдан көмек беруді сұраймын», - дейді Ә.Алданова.

Соңғы жаңалықтар