22 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 22 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
22 желтоқсан СЕЙСЕНБІ
Дунчжицзе қыс күндерінің тоқырау мейрамы. Жыл сайын қыстағы күннің тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді. Қыстағы күннің тоқырау күні жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні болып есептеледі. Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап, табиғаттың «еркектік күші» артып, жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады.
Зимбабвенің бірігу күні. Бұл мереке 1997 жылы пайда болды және 1987 жылғы елдің екі басты саяси күштері - Зимбабве африкалық халық одағы (ЗАПУ) мен Зимбабве Африкалық ұлттық одағы (ЗАНУ) бірігу күніне арналған.
Энергетиктер күні. Ресейде, Украинада, Арменияда, Беларусьте және Қырғызстанда аталып өтіледі. Кәсіби мереке 1966 жылғы мамырда КСРО кезінде пайда болды. Ол кезде энергетиктер күні 1920 жылғы Ресейді электрлендірудің мемлекеттік жоспары қабылданған күнге орайластырылған болатын.
Вьетнамдағы ұлттық қорғаныс күні. Мереке Вьетнам халықтық армиясының 1944 жылы құрылуына арналған. 22 желтоқсанда Во Нгуен Зиала басқарған Вьетнам тұрақты қарулы күштерінің алғашқы жасағы құрылды.
Индонезиядағы ана күні. 1953 жылы президент Сукарно 1928 жылғы Индонезия әйелдер конгресінің 30 жылдығына орай белгіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 3 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.
1 6 жыл бұрын (1999) Алматыда белгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов өмір сүрген үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Академик Е.Бөкетов (1925-1983) 9 ғылыми монография жариялады. Шәкірттері дайындаған 14 монографияға басшылық етті. Өз пікірлестерімен бірігіп, 242 ғылыми еңбек жазып шықты. 100 авторлық куәлігі бар. Кейбір жаңалықтарына АҚШ, Франция, Англия, Канада, Австралия, Италия, Германия мен Жапонияда патент алды. Бұл жаңалықтар әлі де өз пайдасын келтіріп жатыр.
1 5 жыл бұрын (2000) «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.
1 1 жыл бұрын (2004) Өзбекстанда Брайл әрпімен терілген Құран басып шығарылды. Бұл кітап көзі көрмейтін және көзі нашар көретін адамдарға мұсылмандардың қасиетті кітабының уағыздарын оқуға мүмкіндік береді.
10 жыл бұрын (2005) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымырантасымалдағышы ұшырылды.
10 жыл бұрын (2005) Новосібірде қазақ қарпімен басылған «Ұлы Абайға адалдық» кітабының ілкі данасы Семейге жеткізілді.
Кітаптың баспадан шығуына Абай республикалық қоры жәрдемдесті. «Ұлы Абайға адалдық» кітабында Абай өмір сүрген кезеңнің белгілі оқиғалары мен бүгінгі күнге дейін жарық көрмеген материалдар да қамтылып отыр, яғни Абайдың тікелей ұрпағы - Мінаш Ысқақованың естеліктерін айтуға болады.
8 жыл бұрын (2007) Петропавлда Қазақстанның және Якутияның көрнекті мемлекет қайраткері Максим Амосовқа ескерткіш тақта орнатылды.
Максим Амосов (1897-1938) Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінің, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған. Қазақстан экономикасының дамуына, босқын-қазақтардың туған жеріне оралуына, оларды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосқан азамат. Голощекиннің саясатына наразы болғандардың бірі. Тұрар Рысқұловпен және Сәкен Сейфуллинмен дос болған. 1938 жылы Қырғызстанда репрессияға ұшырап, кейіннен атылып кеткен.
7 жыл бұрын (2008) Қызылордада ТМД елдерінде баламасы жоқ күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды. Кеспені өндіру кезінде күріштің барлық түрі пайдаланады. Өнім Америка мен Еуропа елдерінде жоғары сұранысқа ие.
7 жыл бұрын (2008) Оралдағы Д.Қонаев атындағы ықшамауданда Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловқа ескерткіш тақта орнатылды. М.Абдолов (1918-2006) барлаушы болып қызмет атқарды, Волгадан Берлинге дейін соғысқа қатысқан.
6 жыл бұрын (2009) Алматы қаласында физика-математика пәндері тереңдетіп оқытылатын «Абылай - Т» гимназиясы салтанатты түрде ашылды.
Жаңа гимназия 300 оқушыға лайықталған. Қазақ тілімен қатар әлемдік қолданыстағы қытай, ағылшын тілдерін жоғары дәрежеде үйретеді. Оқу ғимараты сапалы білім беру негізінде қазіргі заман үлгісіндегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Оқушыларды 3 мезгіл тамақпен қамту мен мектепке әкелу мен үйлеріне жеткізіп салу қарастырылған.
5 жыл бұрын (2010) отандық «Bimash» компаниясы Apple компаниясының iPhone үшін қазақ тіліне арналған бірінші қосымшасын жарыққа шығарды.
5 жыл бұрын (2010) Алматыда «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье» кітабының тұсауы кесілді. КСРО халық әртісі, танымал опера әншісі Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы туындының авторы оның қызы Ирина Серкебаева.
4 жыл бұрын (2011) Қарағандыда тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің атындағы алаңда ғарышты бағындырғандарға арнап ескерткіш ашылды. Композицияның биіктігі 40 метрге жуық. Мемориал авторлары - қарағандылық сәулетші Мұрат Байысбай мен астаналық мүсінші Асқар Нартов.
4 жыл бұрын (2011) Қазақстанда алғаш рет жалпыұлттық «Ел тұлғасы» байқауы бастау алды. Оның идеясы - бүгінде есімдері ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тығыз байланысатын қазақстандықтарды таңдап алу.
3 жыл бұрын (2012) Астанада қазақ тілді блогерлердің алғашқы республикалық интернет-форумы басталды.
3 жыл бұрын (2012) Қарағандыда политехникалық институттың бірінші ректоры, ҚРҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, қаланың құрметті азаматы Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш ашылды.
1 жыл бұрын (2014) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі сессиясына және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін келді.
1 жыл бұрын (2014) Шымкентте «Rixos Khadisha Shymkent» бес жұлдызды қонақ үйінің тұсауы кесілді.
ЕСІМДЕР
21 2 жыл бұрын (1803-1872) танымал күйші ДӨНЕНБАЙҰЛЫ Бисенбі дүниеге келді.
Ол 1840 Үштас жайлауында халық қадірлеген төрт бидің бірі болып сайланған. Алтай, Тарбағатай, Баян Өлгий аймағындағы қазақтардың саяси-әлеуметтік тағдырын шешкен келелі істердің басы-қасында болған. Оның «Жеке батыр», «Кеңес», «Ажар», «Ақ жал, кәрі боз», «Арман», «Майда қоңыр», «Толғау» және тағы басқа күйлері бар.
15 6 жыл бұрын (1859-1919) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері ҚҰЛМАНОВ Бақтыгерей дүниеге келді. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербордағы император университетінің шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды. Б.Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-інен желтоқсанның 2-не дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7-сі аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.
1 10 жыл бұрын (1905-1985) географ, геоморфолог, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының академигі, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Болгар Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Польша, Сербия, Ұлыбритания, Австрия, Италия, Колумбия, Шотландия мемлекеттері географиялық қоғамдарының құрметті мүшесі ГЕРАСИМОВ Иннокентий Петрович дүниеге келді.
Ленинград университетін бітірген.
1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының экспедициясы құрамында Қазақстанға келіп, Жем, Шаған өзендері аңғарларының пайда болу тарихын және онда төрттік кезең шөгінділерінің таралуын зерттеді. Қазақ жеріндегі далалы және шөлейтті аймақтың топырақ аймағын тұңғыш рет сипаттады. Арнаулы геоморфологиялық зерттеулердің нәтижесінде Каспий деңгейінің өзгеруі геологиялық факторларға байланысты екенін көрсетті.
Негізгі еңбектері палеогеография, геоморфология және топырақ географиясына арналған. Ол Қазақстан жері мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлерін игерудің, сол аймақтардың жер қыртысындағы топырақ эрозиясымен күресудің ғылыми негіздерін құруға үлес қосты.
Екі рет Ленин орденімен және басқа да орден, медальдармен марапатталған.
10 7 жыл бұрын (1908-1987) мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері БЕЙСЕБАЕВ Мәсімхан дүниеге келді.
Алматы облысы Қарасай ауданында туған. Алматы ауыл шаруашылығы техникумын, СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Ұзақ жылдан бойы лауазымды қызметтер атқарып, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, КСРО Дайындау халық комиссариатының Қазақ КСР-і жөніндегі өкілінің бірінші орынбасары, Қазақстан Коммунистік партиясы Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы, Көкшетау және Алматы облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары және төрағасы қызметтерін атқарған. Ол 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарының 2-ші жартысында Қазақстандағы шаруашылық реформалардың жүзеге асырылуына елеулі үлес қосты. Бейсебаев басшылығымен Қазақстан титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, тағы басқа өндіріс түрлері қолға алынды. Өскемен конденсатор, Кентау трансформатор, Семей кабель зауыттары іске қосылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналып, Маңғыстаудағы мұнай және газ орындары игеріле бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамып, көлік, байланыс жүйелері жақсарды. Рудный, Ақтау сияқты жаңа қалалар бой көтерді. Қапшағайдың қала болып қалыптасуына, Қапшағай ГЭС-ін салдыруға үлкен үлес қосты. 1965 жылы Мәскеуге арнайы барып, Одақтың энергетика министрлігімен келісіп, ресми ортақ құжатқа қол қойдырып, ГЭС-тің ертерек іске қосылуына жағдай жасады. Қаланың құрылыс ұйымдарын, тұрғын үйлер тұрғызуды, әлеуметтік нысандарды, демалыс орындарын ретке келтірді. Арнайы шешім қабылдап, Қапшағай балық зауытын салдырды. Бейсебаев Қытайдан Қазақстанға оралған 20 мыңнан астам отандастарымызды қабылдап, атамекенге орналастыруда зор еңбек сіңірді.
Көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған.
100 жыл бұрын (1915-1970) кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор ШӘРІПОВ Уақит Шәріпұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданында туған. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1947 жылдан Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тау-кен ісі институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі болды.
Негізгі ғылыми жұмыстары жер астынан кен қазу жұмыстарын механикаландыруға арналған. Оның 100-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы жарық көрген.
ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
100 жыл бұрын (1915-1999) геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЛИ Виталий Гаврилович дүниеге келді.
Қазақ тау-кен институтын бітірген. 1941-1962 жылдары Қазақстан мен Ресейдің бірқатар кен-металлургиялық және геологиялық ғылыми-зерттеу орталықтарында, 1962-1999 жылдары Қазақстан ҰҒА Қаныш Сәтбаев атындағы Геология институтында жұмыс істеген.
Негізгі ғылыми еңбектері түсті және сирек кездесетін металдар барлау, Успен кентасты белдеуін геологиялық-геофизикалық және металлогендік зерттеу мәселелеріне арналған. Сонымен қатар Саяқ мыс кен орнын ашқан. 122 ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 монографияның авторы.
6 2 жыл бұрын (1953) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ҚАНАЕВ Серікжан Зиаданұлы дүниеге келді.
Қарағандыда туған. БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін (1978), Қарағанды мемлекеттік университетін (1984), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1991) бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын электр монтері болып бастаған, Кеңес армиясының қатарында әскери міндетін өтеді. 1978 жылдан бастап Қарағанды облысының комсомол және партиялық орандарында қызмет атқарған. 1993 - 1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты және Министрлер Кабинетінің аға референті. 1994 - 1999 жылдары - Қарағанды облысы еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармаларының бастығы. 1999 - 2005 жылдары - Білім және ғылым министрлігі бөлімінің, басқармасының бастығы, әкімшілік департаментінің директоры, аппарат басшысы. 2005 - 2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының Басшысы. 2006-2007 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2007-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы басшысының орынбасары. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
6 1 жыл бұрын (1954) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ӨКСІКБАЕВ Омархан Нұртайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында туған. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының докторы. 1976-1977 жылдары ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды. 1977-1979 жылдары - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист. 1979-1984 жылдары - Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы. 1984 - 1992 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1992 - 1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы. 1996 жылғы ақпан - сәуір айлары аралығында - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы. 1996 - 1998 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі. 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. 2000-2002 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. 2002 жылғы ақпан айынан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы. 2002 жылғы шілде - 2003 жылғы маусым аралығында - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2003-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы. 2012 жылғы 21 қыркүйек айынан бастап - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012) марапатталған.
6 1 жыл бұрын (1954) ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының директоры СЕЙІТОВА Алла Федоровна дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институты жанындағы құжаттану факультетінің екіжылдық курсын бітірген.
ҚР Ұлттық мұрағат қорының аудиовизуальдық құжаттарын сақтау және пайдалану жөнінде ғылыми жинақтарда, мұрағат саласындағы арнайы журналдардағы, газеттердегі 40-тан астам жариялапнымның авторы. Көптеген телерадио бағдарламаларына қатысты. 1975 жылдан - Талдықорған қаласында орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы. 1978 жылдан - ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының аға мұрағатшысы, бөлім бастығы, директордың орынбасары. Қазіргі қызметінде - 1995 жылдан бері.
«Мұрағат ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің грамоталарымен марапатталған, Мәдениет қайраткері.
5 1 жыл бұрын (1964) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы АХМЕТЖАНОВ Марат Мұратұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1991 жылғы қыркүйек - 2012 жылғы ақпан аралығында прокуратура, әділет органдарында, мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет еткен. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2012 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары. ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі - сыныптық шені бар. «Құрмет» орденімен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Адмирал Кутузов» (2003), «300 лет Российскому флоту» медальдарымен марапатталған.
31 жыл бұрын (1984) АБРАЕВ Олжас Шәкенұлы - Қазақстанның Футбол федерациясының вице-президенті; Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті дүниеге келді.
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін тәмамдаған.
Алматы қаласы футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі (2001-2004); Алматы қаласы футбол федерациясының тқрешілер комитетінің төрағасының орынбасары (2003-2004); Алматы қаласы футбол федерациясының бақылау комитетінің мүшесі (2003-2005); Қазақстан Футбол одағының футзал департаментінің менеджері (2004-2008); Қазақстан Футбол федерациясының футзал департаментінің директоры (2008-2009); Қазақстанда FIFATMS жобасының үйлестірушісі (2009-2012); ҚФФ Ұлттық футбол лигасы менеджері (2009-2011); ҚФФ Ұлттық футбол лигасы директоры, директорының орынбасары (2011-2012); Қазақстан Футбол федерациясының атқарушы директоры (2012-2014); Қазақстан Футбол федерациясының қауіпсіздік және спорт жабдықтары комитетінің төрағасы (2013-2015); Қазақстан кәсіби футбол лигасының төрағасы (2014-2015).
76 жыл бұрын (1939) орыс кардиохирургі, ғалым және медицина ғылымдарын ұйымдастырушы, академик БОКЕРИЯ Лео Антонович дүниеге келді.
157 жыл бұрын (1858-1924) итальяндық композитор Джакомо ПУЧЧИНИ дүниеге келді.