22 желтоқсан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

Астана қаласы
Сағат 10.00-де «Қазмедиа» орталығында жас журналистерге арналған «Жас Медиа» республикалық форумының екінші күнгі мәжілісі болмақ.
Сағат 10.30-да №57 орта мектепте кадет сыныптары оқушыларына киім тігуге арналған тігін сыныбы ашылмақ.
Сағат 11.00-де ҚР Парламенті Сенатында бірнеше заң жобасы бойынша заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы болады.
Сағат 11.00-де оқушылар сарайында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан жаңажылдық шырша өтеді.
Сағат 11.00-де «Жартас» бизнес орталығында украин-қазақстандық дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына, украиналық дипломатиялық қызметтің 100 жылдығына және Астанадағы жаңартылған украин мәдени-ақпараттық орталығының ашылуына арналған шара өтеді.
Сағат 11.00-де «Астана Mall» сауда ойын-сауық орталығында азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2017 жыл үшін есеп береді.
Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында осы мәдени ошағының ұйымдастыруымен Халық қаһарманы, штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың 95 жылдығына арналған «Қанатты қызға құрмет» атты шара өтеді.
Онда әйгілі ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың әскери күнделігінің негізінде жарыққа шыққан «Хиуаз» кітабының тұсаукесері және Халық қаһарманы, қоғам қайраткері Хиуаз Доспанованы ұлықтауға үлес қосқан азаматтарды Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Хиуаз Доспанова» естелік медалімен марапаттау рәсімі болады.
Сағат 13.00-де Hilton Astana мейрамханасында «Kazakh Invest» ҰК аясында Қазақстандағы инвестициялық белсенділігі үшін шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімі болады.
Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Time&Astana: After Future» атты қазіргі заманғы өнер көрмесі ашылады.
Сағат 17.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік кірістер органдары елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау қызметінде» тақырыбында баспасөз конференциясы болады.
Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Шеберлер елінің» гала-концерті болады.
Алматы қаласы
Сағат 11.00-де Depo Evolution Park ғимаратында жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы аула клубтары тәрбиеленушілеріне арналған жаңажылдық қойылым болады.
Сағат 15.00-де Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылу барысы бойынша баспасөз мәслихаты болады. Оған Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин қатысады.