22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
None
None

Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып,  желдің жылдамдығы 15-23 м/с артады, Қызылорда облысында сондай-ақ бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде көктайғақ болжануда.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

 Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар