220 мың доллар ұтқан аргентиналық жер сипап қалды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентина тұрғыны Telebingo Super Extraordinario лотереясынан 1,5 миллион песо ұтқан.

220 мың доллар ұтқан аргентиналық жер сипап қалды

Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады.

Radio 3 хабарлауынша, ойын жүргізілгеннен кейінгі үш аптадан соң, 9 қаңтарда Чубут провинциясының тұрғыны жергілікті лотерея билеттерін сататын орынға келіп, ұтысын тексерткен.

Сол жерде ол оның билетінің қомақты ұтысқа ие болғанын білген, алайда қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені сыйлықтар 6 қаңтарда таратылғандықтан кешігіп қалған.