223 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілді - Қызылорда облысы

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 6 айында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы 61 мекемеден 1783 жұмысшыға 223,2 млн теңге жалақы қарызын өндіріп берді. 

Бұл туралы басқарма басшысы Ертілеу Жалғасбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

  Жыл басынан бері еңбек инспекциясы әр түрлі меншіктегі 179 мекеме мен кәсіпорынды тексерген. Оның нәтижесінде 238 заң бұзушылық фактілері әшкереленді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті банкроттық және оңалту рәсімі жүргізіп жатқан 4 кәсіпорынның 85 жұмысшыға 12,2 млн теңге жалақы қарызы бар екендігі анықталды.

 Сондай-ақ, өндірістік жарақаттану деректері де тіркелген. Осы жылғы жарты жылда 27 жазатайым оқиға болған, оның 16-сы еңбек қызметінен деп танылған, одан 18-і зардап шегіп, 11 адам ауыр жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар